Отырар тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы туралы

Отырар тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы туралы

     

Қ/С

      Тапсырманың мазмұны

Мәжіліс өткен күні

Орындалуы бойынша ақпарат

 

 

Ауыл шаруашылық саласы

1

Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Ақтөбе ауыл округінің әкімі А.Бақбергенов, заң талаптарына сәйкес:

6.1. Ақтөбе ауылы тұрғыны С.Нұрбетовтың өтінішіне сәйкес, ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алу бойынша құқықтық көмектер көрсетілсін.

Орындау мерзімі:01.06.2026 жыл.

20.05.2026 жыл

 

Орындалды.

29.05.2026 жылы Ақтөбе ауыл округінгің тұрғындары Н.Каненов, С.Нурбетов ауыл шаруашылығы бөлімінде болып мамандар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2

1.       Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, «Қазсушар» РМК Отырар өндірістік бөлімшесі басшысы Б.Жанатаев (келісім бойынша), Аққұм ауыл округінің әкімі Н.Жанжігітова, заң талаптарына сәйкес:

1.1.         Аққұм ауылындағы суармалы жерлерді ағын сумен тұрақты қамту бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.08.2026 жыл.

19.05.2026 жыл

Орындалды.

Аққұм ауыл округі бойынша егістік жерлерді сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 4 канал орналасқан. Ағымдағы жылға жоспарланған 3060 гектар егістік толығымен игеріліп, қаралған лимит толығымен алынды (2 рет су ішті толық)  «Отырар» өндірістік бөлімшесі тарапынан күнделікті бақылауға алынған.

3

3.Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Қарақоңыр ауыл округінің әкімі Ш.Олжатаев, заң талаптарына сәйкес:

         3.1. Арыс өзені бойына орнатылған су сорғы насостарын келісім шарт арқылы заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

         Орындау мерзімі: 10.06.2026 жыл.

20.05.2026 жыл

Орындалды.

«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал- Сырдария бассейндік су инспекциясының 21.07.2026 жылғы №27-1- 07/1677-И санды хатына сәйкес, ауыл тұрғындарына насостың есептегіш құралдарын сатып алу, тиісті құжаттарын тіркету жөнінде түсінділді.

4

Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Отырар ауыл округінің әкімі Б.Төлбасы, заң талаптарына сәйкес:

2.1. Елді мекен ішіндегі жабайы аңдардан (шибөрі) тұрғындарды қорғау мақсатында арнайы мамандар арқылы аулау бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:30.11.2026 жыл.

21.05.2026 жыл

 

Орындалды.

2026 жылдың сәуір-мамыр айында арнайы 70-ге жуық аңшылар Отырар ауданына шақырылып, Отырар Шілік, Талапты ауыл округтеріндегі шибөрілер атылды.

Сондай-ақ, «Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға» қаржы қаралып, «Алатау» ЖК жеңімпаз болып танылған. Қазіргі таңда мердігер тарапынан қараусыз жүрген ит мысықтар аулануда.

5

Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Талапты ауыл округінің әкімі Е.Абилкасымов, заң талаптарына сәйкес:

         3.1. Көктемгі дала жұмыстары бойынша несиеге ұсынылған жобаларға «Ырыс» МКҚҰ тарапынан несиелендірудің кешіктірілуіне байланысты облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековке хат жолдансын.

         Орындау мерзімі: 25.05.2026 жыл.

 

21.05.2026 жыл

 

Орындалды.

Көктемгі егіс жұмыстарына «Ырыс» МҚҰ, «РИЦ» ЖШС, «АКК» арқылы аудан көлемінде 119 АШТӨ 800,4 млн теңгеге өтінім берілген. Оның ішінде:

-       44 АШТӨ 381,8 млн теңге несие қаржысын алды.

-       75 АШТӨ 418,6 млн теңгенің құжаттары комиссия қаралуында.

      Қалған агроқұрылымдардың несие қаржысын алуын жеделдету үшін сіздің атыңыздан облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековке                               (28.05.2026 ж №177/670) 01.06.2026 жылғы

№40-10-01/1219 санды хатымен жолданды.

6

3. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Шілік ауыл округінің әкімі Б.Орынбасаров, заң талаптарына сәйкес:

         3.1. Шаян қашыртқысына тоған салу мақсатында зерделеу жасалып, ұсыныс енгізілсін.

Орындау мерзімі: 10.06.2026 жыл.

 20.05.2026 жыл

Орындалды.

Шаян қашыртқысына тоған салынды.

 

 

Кәсіпкерлік және туризм саласы

7

3.4. Ауыл тұрғындарын «Ауыл аманаты», «Ауыл ел бесігі» және тағы басқа салалар бойынша несие алуына сүйемелдеу жұмыстары жүргізілсін.

Орындау мерзімі:01.07.2026 ж.

19.05.2026 жыл

Орындалды.

Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында 46 құжат жинақталып, оның ішінде 34 жоба 334,8 млн.теңге несие қаржысы комитет отырысында мақұлданды. Атап айтқанда:

-  Д-Е санаты - 2 жоба (15,0 млн.теңге);

- АШӨК – 3 жоба (65,0 млн.теңге);

- Лизинг – 1 жоба; (9,8 млн.теңге);

- 6-шы бағыт – 3 жоба (28,0 млн.теңге);

- Өндірістік парк – 2 жоба (18,0 млн.теңге);

- Мал шаруашылығы – 23 жоба; (199,0 млн.теңге);

 Бұдан бөлек 20 құжат «Ырыс» МҚҰ ның аудандық менеджерінде нақтылануда. 

 

 

Ағын су саласы

8

1.                Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, «Қазсушар» РМК Отырар өндірістік бөлімшесі басшысы Б.Жанатаев (келісім бойынша), ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Қарғалы ауыл округінің әкімі Е.Жұмабек, заң талаптарына сәйкес:

         1.1. Қарғалы ауыл округіндегі Д.Алтынбеков каналын бетондау құрылысы заңға сәйкес бақылауға алынсын.

         Орындау мерзімі: 01.07.2027 жыл.

 

21.05.2026 жыл

Орындалу үстінде.

Д.Алтынбеков каналын бетондау үшін ЖСҚ әзірленіп, (жоба құны 2163,8 млн тг, 10,8 шақырым), мердігер мекеме «Ақ Ордасы» ЖШС-мен қазіргі таңда  Алтынбеков каналының 6 шақырым бетондау жұмыстары жүргізілді.

9

2. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, «Қазсушар» РМК Отырар өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Жанатаев (келісім бойынша),  ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық, Талапты ауыл округінің әкімі Е.Абилкасымов, заң талаптарына сәйкес:

2.1. Көкмардан ауылындағы КМ-1 (2,5 км) каналын механикалық тазалау бойынша жұмыстар жүргізілсін.

         Орындау мерзімі: 01.07.2026 жыл.

21.05.2026 жыл

Орындалды.

Көкмардан ауылындағы КМ-1 каналы механикалық тазалаудан өткізілді.

10

3. Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, «Қазсушар» РМК Отырар өндірістік бөлімшесі басшысы Б.Жанатаев (келісім бойынша), Маяқұм ауыл округінің әкімі Р.Ілесбек, заң талаптарына сәйкес:

3.1.   Маяқұм ауылындағы суармалы жерлерге тұрақты ағынсу жеткізу бойынша шаралар қабылдансын.

Орындау мерзімі: 20.08.2026 жыл, ай сайын мәлімет.   

 

19.05.2026 жыл

Орындалды.

Ағымдағы жылы Маяқұм ауылы бойынша 3006 гектар суармалы жер игерілді. Оның ішінде: 1230 гектар жүгері, 891 га жоңышқа, 644 қауын қарбыз, 63 га көкөніс, қалған 178 га әртүрлі, суару кезеңі тұрақты өтті.

 

 

Ветеринария саласы

11

Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКҚ басшысы Е.Сейітқазы (келісім бойынша), Балтакөл ауыл округінің әкімі С.Ателов, заң талаптарына сәйкес:

         4.1. Ауыл шаруашылық жануарларын аса қауіпті ауруларға қарсы егу, диагностикалық зерттеу және эпизоотияға қарсы іс-шаралар атқарылсын.

         Орындау мерзімі:15.06.2026 жыл, ай сайын мәлімет.

 

19.05.2026 жыл

 

Орындалу үстінде

Отырар ауданы  Балтакөл елді мекені 2026 жылдың 1 ші жарты жылдығында мүйізді ірі қара малы аусылға қарсы 3500 басқа, уақ мал- 17000 бас, ірі қара малының сібір жарасына қарсы 3500 басқа, уақ малының сібір жарасы 10000 бас, жылқы малының сібір жарасы-600 бас, түйенің сібір жарасына қарсы -600 басқа егу іс –шаралары жүргізіліп, сондай –ақ  ірі қара малдың туберкулезге қарсы  1200 бас аллергиялық  тексерілуден өтті. Етқоректілердің эхинакоккозына 50 бас ит жоспарға сай берілді.

12

Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКҚ басшысы Е.Сейітқазы (келісім бойынша), Маяқұм ауыл округінің әкімі Р.Ілесбек, заң талаптарына сәйкес:

         2.1. Маяқұм ауылындағы ауыл шаруашылық жануарларын аса қауіпті ауруларға қарсы егу, диагностикалық зерттеу және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілсін.

         Орындау мерзімі:10.06.2026 жыл, тоқсан сайын мәлімет.

 

19.05.2026 жыл

 

Орындалу үстінде

Отырар ауданы  Маяқұм елді мекені 2026 жылдың 1 ші жарты жылдығында мүйізді ірі қара малы аусылға қарсы 9500 басқа, уақ мал- 85000 бас, ірі қара малының сібір жарасына қарсы 8000 басқа,уақ малының сібір жарасы 58750 бас,жылқы малының сібір жарасы-2000 бас,түйенің сібір жарасына қарсы -3800 басқа егу іс –шаралары жүргізіліп, сондай –ақ  ірі қара малдың туберкулезге қарсы  1200 бас аллергиялық  тексерілуден өтті. Етқоректілердің эхинакоккозына 50 бас ит жоспарға сай берілді.

Құтыру ауруына қарсы 1400 бас мүйізді ірі қара малы,12000 бас уақ мал,700 бас ит,50 бас мысық егу жұмыстары жүргзілді.

 

 

Жер қатынастары саласы

13

2.       Аудан әкімінің орынбасары Т.Елекеев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Әшір, Аққұм ауыл округінің әкімі Н.Жанжігітова, заң талаптарына сәйкес:

2.1.         Аққұм ауыл округіндегі игерілмеген ауылшаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып, конкурс арқылы беру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:30.07.2026 жыл, әрі қарай тұрақты.

 

19.05.26

Орындалды.

Аққұм ауыл округі бойынша нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан «NIK-1» (50га), «Қара-ой» (25га) және «Болашақ-7 (50га) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне берілген жалпы 125 гектар суармалы жер учаскелерін ауданның арнайы жер қорына қайтарып, қайта айналымға енгізуге конкурстық негізде шаруаларға берілді)

         Бүгінде елді мекеннің ортақ мал жайылымына 660 гектар жер учаскесіне мемлекеттік сәйкестендіру актісі алынған.

         Сонымен қатар Аққұм ауыл округіне қарасты ауданның арнайы жер қорынан жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жою үшін аудан әкімінің 01.04.2026 жылғы №108 қаулысы негізінде 1500,0 гектар жер учаскесі тұрақты пайдалану құқығымен берілді.

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласы

14

Аққұм ауылындағы Ж.Омарұлы көшесінде анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:15.06.2026 жыл.

 

19.05.2026 жыл

Орындалды.

2025 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандарда анықталған ақаулар бойынша мердігер мекеме тарапынан маусым айында қалпына келтірілді.

15

1.       Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейтқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев (келісім бойынша),  заң талаптарына сәйкес:

1.1.             Темір ауылындағы Жібек-жолы даңғылы бойынан айналма жол салу бойынша зерделеу жасалып, аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

Орындау мерзімі: 04.06.2026 жыл

 

20.05.2026 жыл

Орындалды.

Облыстық маңыздағы КХ-24 «Темір-Отырар» автомобиль жолының күтіп ұстаушы «Оңтүстік Жолдары» ЖШС-на ұсыныс берілген..

 

 

16

      1.4. Балтакөл ауылындағы ауыз су жүйесінде анықталған ақаулар ретке келтірілсін.

       Орындау мерзімі:30.05.2026 жыл.

19.05.2026 жыл

Орындалды.

Балтакөл ауылы ауыз су құрылысында анықталған ақаулар бойынша кепілдік мерзіміне сәйкес «КК Global Construction» ЖШС мердігер тарапынан қалпына келтірілді. Қазіргі таңда 24/7 тұрақты ауыз су берілуде.

17

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі С.Нәлібай, «Отырар-Қызмет» МКК директоры Б.Әшімов, Көксарай ауыл округі әкімі, заң талаптарына сәйкес:

         1.1. Көксарай ауыл округі тұрғындарын 24 сағат сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсін.

Орындау мерзімі:26.05.2026 жыл, әрі қарай тұрақты.

 

19.05.2026 жыл

Орындалды.

«Отырар-Қызмет» МКК тарапынан Көксарай ауылындағы ауыз желілерінен анықталған ақаулар толықтай ретке келтіріліп, 24/7 ауыз сумен қамтамасыз етілген.

18

1.4. Маяқұм ауылы бойынша газ жүйесіне енбей қалған тұрғын үйлерге түгендеу жүргізіліп, қайта енгізу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

          Орындау мерзімі: 10.06.2026 жыл.

        

19.05.2026 жыл

Орындалды.

Маяқұм ауылында газға қосылмай жобадан қалып кеткен 8 тұрғын үй анықталып, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Газ құрылысына 2026 жылы облыстық бюджеттен 250 млн теңге қаржы қаралды, жоба құны 1058,4 млн тг.

19

    1.8. Табиғи газды қолдану және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында арнайы газ мамандары Маяқұм ауыл округі бойынша тұрғындарды аралау және түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

         Орындау мерзімі: 05.06.2026 жыл.

 

19.05.2026 жыл

Орындалды.

Отырар аудандық газ-техникалық инспекциясы мамандары 2026 жылдың маусым-шілде айларында Маяқұм ауылы тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

20

1.3. Көлқұдық елді мекеніндегі М.Арысов көшесін толық жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілсін.

         Орындау мерзімі:01.07.2026 жыл.

     

19.05.2026 жыл

Орындалу үстінде.

2026 жылы Көлқұдық ауылындағы М.Арысов көшесінің 800 метр қалған бөлігін жарықтандыру үшін бюджеттен 10,4 млн теңге қаржы қаралып, мердігер «Жандос и К» ЖШС-мен жұмыстар атқарылуда.

21

2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, Қарғалы ауыл округінің әкімі Е.Жұмабек, заң талаптарына сәйкес:

2.1. Қарғалы ауыл округі жол бойына егілген ағаш көшеттерін тұрақты күтіп-баптау бойынша  жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:тұрақты.

21.05.2026 жыл

Тұрақты.

Жол бойына егілген ағаш көшеттері суғарылып, тұрақты күтіп-бапталуда.

 

22

4. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев (келісім бойынша), Қарақоңыр ауыл округінің әкімі Ш.Олжатаев, заң талаптарына сәйкес:

         4.1. Полиция бөлімімен бірлесіп, саябақ және спорт нысаны алдына жасанды жол кедергісін орнату бойынша зерделеу жасалып,  ұсыныс енгізілсін.

         Орындау мерзімі: 10.06.2026 жыл.

 

Орындалған.

Қарақоңыр ауыл округі әкімі аппаратымен жасанды кедергі орнатылған.

23

2.       Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейтқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Темір ауыл округінің әкімі А.Жүсіпұлы, заң талаптарына сәйкес:

2.1.             Темір ауылына ағын су жеткізу мақсатында қосымша арық қазу бойынша арнайы жұмысшы тобымен зерделеу жүргізіліп, аудан әкіміне ұсыныс енгізілсін.

Орындау мерзімі: 04.06.2026 жыл.

20.05.2026 жыл

Орындалды.

Бетон арық «Шәуілдір-Темір» аралығындағы жол бойындағы көшеттерді көгалдандыру үшін арналған, тиімділігі зерделеніп ұсыныс енгізілді.

 «Шәуілдір-Темір» аралығындағы бетон  арықтың  жөндеу үшін 87 711,7 мың теңгеге сметалық құжат әзірленген. 2026 жылы жергілікті бюджеттен 87,7 млн теңге қаржысы қаралды.

24

1.2. Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес, Көкмардан ауылы бойынша қажеттілігіне қарай жыңғыл ағаштарды қырқу бойынша жұмыстар жүргізілсін.

         Орындау мерзімі: 01.07.2026 жыл.

        

21.05.2026 жыл

Орындалды.

Көкмардан ауылындағы Дәрібаев, Астана көшелері бойындағы жыңғыл ағаштары шабылды. Өтініш иесі қанағаттандырылды.

 

 

Санитарлық эпидемиологиялық сала

25

2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, Отырар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Тілес (келісім бойынша), Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғ.Қыдыр, заң талаптарына сәйкес:

2.1. Шәуілдір ауылындағы ауыз судың сапасына сараптама жүргізіліп, қорытындысы ұсынылсын.

Орындау мерзімі: 01.07.2026 жыл.

21.05.2026 жыл

Орындалды.

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыз су үлгілерін зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260001017651514 25.05.2026 ж Казсушар ШЖҚ РМК  "Оңтүстікауызсу" Отырар ауданы Шәуілдір ауылы № 1 насос  ШТСЖ басынан 18.05.2026 жылы алынған судан Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

2. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыз су үлгілерін зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260001017651514 25.05.2026 ж Казсушар ШЖҚ РМК  "Оңтүстікауызсу" Отырар ауданы Шәуілдір ауылы № 2 насос Музей жанынан  18.05.2026 жылы алынған судан  Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

3. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың  ауыз су үлгілерін зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260001017651514 25.05.2026 ж Казсушар ШЖҚ РМК "Оңтүстікауызсу  Отырар ауданы Бесторанғыл ауылы № 2 ұңғыма суы 18.05.2026 жылы алынған судан Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг бойынша оң нәтиже анықталған  жоқ.

4. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыз су үлгілерін зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260001017651514 25.05.2026 ж. Казсушар ШЖҚ РМК "Оңтүстікауызсу" Отырар ауданы Бесторанғыл ауылы №4 ұңғыма суы 18.05.2026 жылы алынған судан Санитарлық-эпидемиологиялық  мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

5. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың  ауыз су үлгілерін зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260001017651514    25.05.2026 ж   Казсушар ШЖҚ РМК "Оңтүстікауызсу" Отырар ауданы Шәуілдір  ауылы Отырар аудандық орталық аурухана су жүйесі  суы  18.05.2026 жылы алынған судан Санитарлық-эпидемиологилық мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

6. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың  ауыз су үлгілерін зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260001017651514    25.05.2026 ж   Казсушар ШЖҚ РМК "Оңтүстікауызсу" Отырар ауданы Шәуілдір  ауылы Отырар аудандық орталық емхана  су жүйесі  суы  18.05.2026 жылы алынған судан Санитарлық-эпидемиологилық мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

1.Суды микробиологиялық зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260002187613844 22.05.2026 ж. Казсушар ШЖҚ РМК "Оңтүстікауызсу" Насос станция №2 18.06.2026 жылы алынған судан  Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

2.Суды микробиологиялық зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260002187613844 22.05.2026 ж Казсушар ШЖҚ РМК "Оңтүстікауызсу" 1. Насос станция №1 18.05.2026 жылы алынған судан Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

3.Суды микробиологиялық зерттеу ХАТТАМАСЫ №2260002187613844 22.05.2026 ж Казсушар ШЖҚ РМК "Оңтүстікауызсу" 1.Ұңғыма суы №5, Ұңғыма суы №4, Ұңғыма суы №2  18.05.2026 жылы алынған судан Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг оң нәтиже анықталған жоқ.

 

 

Денсаулық саласы

26

1.       Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық орталық аурухана бас дәрігері Б.Әбдімәлік (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

1.1.         Балтакөл ауылдық ауруханасына ауаны салқындатқыш құрылғысы (кондиционер) және терезелеріне жалюздер мен сеткаларды  орнату бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:30.11.2026 жыл.

     19.05.2026 жыл

Орындалу үстінде

Балтакөл ауылдық ауруханасына ауаны салқындатқыш құрылғысы (кондиционер) және терезелеріне жалюздер мен сеткаларды  орнату бойынша қаржы қаралуда.  20.11.2026 жылға жоспарлануда.

27

2. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, орталық  аурухана бас дәрігері Б.Әбдімәлік (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

2.1. Көксарай ауылдық аурухана әжетханасының кәріз жүйелерін ретке келтіру және жылы сумен қамту бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі:15.06.2026 жыл.

 

19.05.2026 жыл

Орындалды.

Көксарай ауылдық аурухана әжетханасының кәріз жүйелері жөнделіп, жылы сумен қамтылды.

 

 

 

Білім саласы

 

28

Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев (келісім бойынша), экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Көлбай, мәдениет, тілдерді дамыту, дене-шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай, Қоғам ауыл округінің әкімі Ш.Жамалханов заң талаптарына сәйкес:

         2.1. Мыңшұңқыр елді мекенінен күрес залын ашу мақсатында ескі мектеп жайы коммуналдық меншігіне алынсын.  

         Орындау мерзімі: 01.12.2026 жыл.

 

     21.05.2026 жыл

Орындалу үстінде.

Отырар ауданы, Қоғам ауыл округі, Мыңшұқыр елді мекеніндегі Мыңшұқыр бастауыш мектебі мемлекеттік мекемесінің ескі жайын (кадастрлық нөмері 19:294:040:134 жер учаскесінің алаңы 0,41 га) балалар мен жасөспірімдерді даярлайтын күрес залын ашу мақсатында ауданның коммуналдық меншігіне беру туралы Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Ғ.Орыновқа
(№ 40-10-01/926 от 15.04.2026) хат жолданған, айлайда коммуналдық меншікке беру туралы келісім хат жолданбаған.

Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 14 шілдедегі №350-VIII Заңының 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 6-бабының 8-тармақшасына сәйкес білім саласы аудандық бюджетке өтуіне байланысты білім саласының нысандарымен бірге өткізу жоспарлануда.

 

 

Жұмыспен қамту саласы

29

6. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, Қарақоңыр ауыл округінің әкімі Ш.Олжатаев, мансап орталығының басшысы Е.Әбиев (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

6.1. Қарақоңыр ауыл округіндегі жұмыссыз жүрген тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 01.07.2026 жыл, әрі қарай тұрақты.

 

20.05.2026 жыл

Орындалды.

«Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не аудан бойынша 150 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңға 120 азамат жұмыспен қамтылды.

 

 

Құқық қорғау саласы

30

1.          Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

         2.1. Ақтөбе ауыл округінде қоғамдық тәртіпті сақтау және мал ұрлығын алдын-алу мақсатында учаскелік полиция инспекторының жергілікті жерде тұрып жұмыс жасауы қамтамасыз етілсін.

         Орындау мерзімі:09.06.2026 жыл, әрі қарай тұрақты.

 

20.05.2026 жыл

 

Орындалды.

Ақтөбе ауыл округіне жауапты бекітілген учаскелік полиция аға лейтенанты Насрулла Ербол Мұратұлы көшіп барып аталған ауыл округінде жұмыстар атқарылуда.

31

2. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев (келісім бойынша),  Шілік ауыл округінің әкімі Б.Орынбасаров, заң талаптарына сәйкес:

2.2. Шілік ауыл округінің облыстық маңызы бар «Төрткөл-Шәуілдір» жол бойына жылдамдықты шектейтін камералар орнату бойынша жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 01.11.2026 жыл.

20.05.2026 жыл

 

Орындалу үстінде

Шілік ауыл округінің облыстық маңызы бар КХ 193  «Төрткүл-Шәуілдір» жол бойына жылдамдықты шектейтін камералар  орнату бойынша ұсыныстар жолданған. Ағымдағы жылы Самұрық компаниясымен КХ 193 «Төрткүл-Шәуілдір» тас жолының 14/119 шақырымына арнайы жылдамдық өлшегіш құрылғысы орнатылуда.

 

 

Мәдениет саласы

32

Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене-шынықтыру бөлімінің басшысы С.Құттыбай, ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Жаймурзаев, Ақтөбе ауыл округінің әкімі А.Бақбергенов, заң талаптарына сәйкес:

         4.1. Қ.Мұңайтпасовтың 155-жылдығына орай аудан көлемінде іс-шара өткізу бойынша ұсыныс енгізілсін.

         Орындау мерзімі:10.06.2026 жыл.

20.05.2026 жыл

 

Орындалды.

Қ.Мұңайтпасовтың 155-жылдығына орай «Отырар» спорт клубыныың ұйымдастыруымен ақпан айынан бастап ауыл округтері арасында спорттың                     9 түрінен аудандық СПАРТАКИАДА бастау алған. Шілде айында әуесқой командалар арасында футболдан Түркістан облысы чемпионатына іріктеу мақсатында Отырар ауданының чемпионаты өткізілді.  Сонымен қатар мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан қараша айында қазақ күресінене жасөспірімдер арасында облыстық турнир мен «Қажымұқан» моно спектаклі және «Күш атасы - Қажымұқан» танымды теориялық конференция өткізу  жоспарлануда.

 

Дата публикации
09 октября 2026