Объявление о рассмотрении скрининга воздействия

 Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – Скрининг материалдары) ұсынылды:

 

- «Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бас жоспарды әзірлеу/түзету"

 

Скрининг материалдарын әзірлеуші: "Alystroyproekt" ЖШС

Скрининг материалдарының тапсырыс берушісі:           Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

Скрининг әзірлеуге жауапты:           Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

Скрининг материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қоғамдастықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер иә болса, бұл әсерлер қандай және неге оларды елеулі деп санайсыз?
  • Бас жоспарды бекітпес бұрын қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу қажет және неге?
  • Скрининг есебінде сізді қызықтыратын қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлер туралы барлық ақпарат қамтылған ба? Қандай ақпарат сізді қызықтырады және неге?
  • Бас жоспарды іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты басқа да ескертулер мен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың әрекет ету мерзімі: 2023-2040 жж

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жыл 2 қазаннан бастап (пікірлер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні 2026 жыл 16 қазанға дейін)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz    

Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды электрондық түрде министрліктің кеңсесіне келесі электрондық пошта арқылы жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Құжаттарыңыздың кеңсеге жеткенін міндетті түрде келесі телефон арқылы нақтылаңыз: +7 7172 74-08-44

Скрининг материалдары орналастырылған:

Министрліктің ресми сайтында (бөлім «Қызмет» – бөлім «Негізгі құжаттар» – бөлім «Стратегиялық экологиялық бағалау»).

Дата публикации
02 октября 2026