Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 27 қыркүйекте Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 5554 азамат енгізілді, олардың 3127 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дүйсен Ғ.А. – 467; Қыдыр Ғ.С. – 2426; Мырзахметова Ж.Б. – 217; «Барлығына қарсы» – 0.

1970 жылы туылған, Шәуілдір ауылдық округінің әкіміТүркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған Қыдыр Ғалым СағындықұлыШәуілдір ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 сентября 2026