- Жалпы ережелер
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) заңнамада көзделген шекте ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мемлекеттік органы болып табылады.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақтан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Егер Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан шығуға құқылы.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Отырар ауданы әкімдігі болып табылады.
- Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, №2А, үй, индекс:160700
- Мемлекеттік Мекеменің толық атауы:
1) мемлекеттік тілде- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2) орыс тілінде- государственное учреждение «Отдел земельных отношений и сельского хозяйства Отырарского района» акимата Отырарского района.
- Осы Ереже Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субектілермен Мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау үшін шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
- Егер Мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Коммерциялық емес мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
- Мемлекеттік мекеменің миссиясы: Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
- Негізгі міндеттері
- өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
- жер қатынастары саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік мекемеге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
- мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
- аудан деңгейінде жер қатынастары мәселелеріне мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
- мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін жер қатынастары саласында, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
6.Аудан аумағында жер қатынастары саласы бойынша программаларды әзірлеу;
- Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- Функциялары:
- иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- аудан әкімдігінің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
- жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудан әкімдігінің ұсыныстары мен қаулыларының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
- мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
- жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
- мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелірінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
- жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыруды және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
- жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
- жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалдың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
- ауданның жер балансын жасау;
- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдалунышылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
- жер учаскесіне құқықты сәйкестендіру құжаттарын беру;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
- жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Жер Кодексінің талаптарына сәйкес аудан әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
- ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
- жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
- өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
22) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға, атап айтқанда:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;
2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына; 3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
- Құқықтары мен міндеттері:
- Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу;
- ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттармен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімінің шешім, өкімдерінің орындалуын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау.
- аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
- статистика органдарының және тиісті бөлімдерден бөлімнің жұмысына қажетті есептік мағлұматтар алуға құқылы;
- Мемлекеттік мекеменің , мемлекеттік орган ретінде құқықтары мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажет құқықтар болып табылады;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысы жүзеге асырады
2 .Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
- мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және оларды жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
- Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
- Мемлекеттік органды басқару кезінде бөлім бастығы заңнамада белгіленген тәртіпте;
3,1. Мемлекеттік органның атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
3,2. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасайды;
3,3. Банктерде есеп-шоттар ашады, Мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
3,4. Заңдарға сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3,5. Заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
3,6. Бұйрықтарға қол қояды;
3,7. Барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
3,8. Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді;
3,9. Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
- заңнамамен осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
- Мемлекеттік органның басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
- Жұмыс режимі.
- Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
- Еңбек ұжымымен өзара қатынас.
- Еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
- Мемлекеттік органның мүлкі.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствовалық қарамағында ұйымдар мен аумақтық органдар жоқ.
- Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
- Мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшы енгізеді.
- Мемлекеттік мекеменің Ережесіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.