«Отырар-Жылу»мемлкеттік коммуналдық кәсіпорнының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы » Заңының 20-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 3- тарауына және 313-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
- Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тариф және тарифтік сметасы бекітілсін,
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметтеріне тарифтері мен тарифтік сметасын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №100-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Табиғи монополиялар жәнебағаларды реттеу бөлімі осы бұйрықты отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар- Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының назарына жеткізсін.
- Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар- Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тариф бекітілгендігі туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялап, тұтынушылардың назарына жеткізсін және ол бойынша Департаментті хабардар етсін.