«Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жиналысының жария талқылау хаттамасы

«Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жиналысының жария талқылау хаттамасы

№ 1

         Шәуілдір ауылы                                                                                                        10.09.2026ж.

Жиналысқа қатысқандар: ұжым мүшелері

Күн тәртібі:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жазылып жатқан талдамалық анықтаманы талдау;

Бірінші мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі ішкі талдау барысы және нәтижелері туралы есепті назарға алуды сұрады.

Қазақстан республикасының «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015жылғы 18 қарашадағы №410-V заңының 8-бабы 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қызмет) Төреағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 бұйрығы негізінде «Отырар-Жылу» МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы мен іс-шара жоспары бекітілгенін,сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылғанын,іс шара жоспары мен ішкі талдау жүргізу кезеңі 2026 жылдың тамыз айының 17 мен қыркүйек айының 28 күндері аралығы етіп бекітілгенін хабарлады.Ішкі талдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1.Персоналды басқару,соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау;

2.Мемлекеттік қызмет көрсету

3.Кадрлардың ауысыуы бойынша

4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктермен таныстырды.

Өз сөзінде ұжым мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері Н Өмірзақ, Д.Сабыров т.б. азаматтар талдамалық анықтамамен танысып шыққанын, жемқорлыққа жол берілмеу үшін мекеме басшысы м.у.а Н.Ысқақов ашық әрі жария жұмыс жасау қажет екендігін ескертті,сонымен қатар жұмыс тобының атқарып жатқан жұмысын құптарлық деп тапты.

Қоғамдық ұйымның және жұмыс тобы кәсіпорында жүргізіліп жатқан ішкі талдау жұмыстарының барысымен,талдамалық анықтамамен жан-жақты танысып заңнама талаптарын сақтауды ескертті.

ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол бермеу  жұмыстары  жасалсын.

Жиналыс төрағасы                                  Н.Ысқақов

Жиналыс хатшысы                             Д Сабыров

 

Дата публикации
17 сентября 2026