Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес, «2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдеде № 1338 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 шілдедегі 26/41 қаулысына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жерін және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Түркістан облысы,  Отырар  ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №23,  Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ғимараты, Тел: 8 (72544) 2-14-06

Комиссия төрағасы – Нурлан Аубакирович ЖУБАЕВ;

Төрағаның орынбасары – Артыкбай Утекулович ДУЙСЕХАНОВ;

Хатшысы – Ұлан Нұрланұлы СЕРІКБАЙ;

Комиссия мүшелері: 

  • Медетбек Ілесбекұлы АХМЕТ;
  • Нұрман Сәрсенұлы МАСАНОВ;
  • Талғат Төленұлы ҚҰЛЫМБЕТОВ;
  • Айгүл Оқашбайқызы ОРАЗБЕКОВА.

 

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты – 09.00–18.30,

        түскі үзіліс – 13.00–14.30.

Дата публикации
03 июля 2026