ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар-Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2026 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспары шеңберінде, ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі принциптері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Кәсіпорын директоры Б.Ашимовтың тарапынан ұжымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың кез келген көріністеріне төзбеушілік мәдениетін дамыту, кәсіпорынның беделін сақтап, әділ жұмыс ортасын құру негіздерімен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу іргетасы отбасындағы тәрбиеден басталатындығы айтылды.

Дата публикации
24 июня 2026