Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1. |
Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына кімдер қатыса алады? |
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. |
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы |
Әлеуметтік қолдау |
|
2. |
Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
Тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігі? |
"orken.otbasybank.kz" веб-порталы арқылы тұрады. |
Тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше қадамды орындау қажет. 1. Құжаттарды жинау: Тұрғын үй кезегіне тұру үшін қажетті құжаттарды жинау қажет. Оларға мыналар кіреді: o - Жеке куәлік немесе паспорт o - Отбасы мүшелерінің құжаттары (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, мүгедектігі тұралы анықтама болған жағдайда т.б.) o - Жұмыс орнынан анықтама o - Табысы туралы анықтама o 2. Өтініш беру: Әр азамат өз электрондық қолтаңба кілті арқылы «orken.otbasybank.kz» порталымен өтініш тастау керек. Өтініш формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу қажет. o 3. Кезекке тіркелу: Сіздің өтінішіңізде барлық талаптар орындалса, сіз тұрғын үй кезегіне тіркелесіз. Сізге кезек нөмірі беріледі. o 4. Кезекті бақылау: Тұрғын үй кезегінің жағдайын бақылап отыру үшін orken.otbasybank.kzпорталы немесе «Отбасы банк» тексеріп тұру ұсынылады. |
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары» 71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу
|
Кезекке қою, кезек бойынша тұрғын үй беру |
|
3. |
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі |
Көше атауын өзгертуге қажетті құжаттар және тәртібі қандай? |
-Атау беруде құқықтық нормативтік құжаттар басшылыққа алынады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін ҚР «Тіл туралы Заңы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары негізінде іске асады.
|
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері:
Көше атауын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес, тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ, кісі аттарына мейлінше шектеу қойылғандықтан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісіліп, жұмыс барысында басшылыққа алынады. |
ҚР «Тіл туралы Заңы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары |
Көше атауын өзгерту
Көшеге кісі есімін беру |