ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 маусымдағы отырысында Көксарай ауылдық округінің әкімі ретінде:
1993 жылы туылған, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көксарай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ, Қалмұратұлы Әлімжан тіркеді.