Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 31 мамырда Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2643 азамат енгізілді, олардың 1425 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Елеусизов Н.Б. – 125; Қалмұратұлы Ә. – 1112; Қысмұратов Ж.А. – 171; «Барлығына қарсы» – 3.

1993 жылы туылған, Көксарай ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көксарай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Қалмұратұлы Әлімжан Көксарай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
02 июня 2026