Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес бос лауазым орнына конкурс жариялайды:

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес бос лауазым орнына конкурс жариялайды:

 

 

Бос лауазымның атауы Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бағынысындағы «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры – 1 бірлік.

Мекеменің орналасқан мекен-жайы: индекс 160700, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Арыс ауылы, Н.Құлымбетов көшесі №17 ғимарат.

            Конкурс өткізу мерзімі: Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін күнтізбелік он бес күн өткен соң бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылардың тізімін белгілейді.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурс өткізілетін орын және мекеменің орналасқан мекенжайы: Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс 160700, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы данғылы, №25 үй, 1-қабат.

Байланыс телефоны: 8(72544) 21-5-48;   

 

Мекеме басшысының лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде  қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы (Педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық мамандықтар)

Орташа жалақысы: Жұмыс өтіліне сәйкес 181 572 - 236043 теңге аралығында.

Білуге міндетті: ҚР Конституциясы, ҚР «Еңбек Кодексі», ҚР «Азаматтық Кодексі», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы», ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы», ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі», «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және мемлекеттік тілді білуі. Мекеме қызметiнiң негізгі мақсаты жастар саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Лауазымдық міндеттері:

Коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ тікелей бағынады;

-Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, облыс, аудан әкімдігі қаулылары, шешімдері мен өкімдері, бөлім басшысының бұйрықтарының орындалуын ұйымдастыру;

-Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

-Жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсетеді;

-Жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізеді;

-Жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандыруды жүзеге асырады;

-Жастар арасында ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарға қатысады;

-Өмірлік қиын жағдайына тап болған жастар мен жас отбасыларға психологиялық көмек көрсетеді;

-Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады, мекеме қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі, олардың тиісті дәрежеде орындалуы мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

-Мекеменің жұмысын жоспарлайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

-Мекеменің қолданыстағы нұсқаулық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекемеге жүктелген басқа да жоспар, тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

-Жұмысқа қабылдау және шығару, іс-қағаздар мен келісім шарттарға қол қою;

-Мекеменің жұмыс әдісі мен стилін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;

-Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды;

-Кадрлардың кәсiби шеберлiгiн арттыруға жағдай жасайды.

 

Конкурсқа мынандай тұлғалар қабылданбайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған – соттылығы – бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс: 

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

     6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

Конкурсқа қатысушылар құжаттарын мына мекен-жайға тапсырады: индекс 160700, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы данғылы, №25 үй, 1-қабат, Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен соң тоқтатылады.

Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әнгімелесу өткізіледі.

Анықтама телефоны: 8(72544) 21-5-48;

 

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
26 мая 2026