«ОТЫРАР ҚЫЗМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ СУДЫ ТАРАТУШЫ ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ 2026–2030 ЖЫЛДАРҒА ТАРИФТЕР МЕН ТАРИФТІК СМЕТАЛАРДЫ БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабының 10) тармақшасына, 15-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 1-тарауының 28-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Отырар Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2026–2030 жылдарға суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне осы бұйрыққа №1, №2, №3 қосымшаларға сәйкес тарифтері мен тарифтік сметалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №201-НҚ «Отырар ауданы әкімдігінің “Отырар-Қызмет” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тұтынушылары үшін су шаруашылығы жүйесі (ауыз су) қызметіне тариф пен тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын.
Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлімі осы бұйрықты «Отырар Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының назарына жеткізсін.
«Отырар Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифтер мен тарифтік сметалардың бекітілгені туралы мәліметті белгіленген тәртіппен қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жариялап, тұтынушылардың назарына жеткізсін және ол туралы Департаментті күнтізбелік бес күннен кешіктірмей хабардар етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтары 2026 жылғы 1 шілдеден бастап, қалған бөліктері қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
«Отырар Қызмет» МКК

Дата публикации
22 мая 2026