Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабы 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) келесі құжаттар келіп түсті (бұдан әрі – СЭБ материалдары):

         1) «Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылы, Ақтөбе ауылы, Шілік ауыл округі Ескі Шілік, Жаңа Шілік ауылдары, Маяқұм ауыл округі Көлқұдық ауылы, Қарақоңыр ауыл округі Сырдария ауылы, ауылдарының дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасы бойынша түсіндірме жазбалар;

         2) Графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі пайдалану жоспары (тірек жоспары)» схемалары, «Бас жоспар (негізгі сызба)» схемалары;

         3) «Түркістан облысы Отырар ауданы Аққұм ауылы, Ақтөбе ауылы, Шілік ауыл округі Ескі Шілік, Жаңа Шілік ауылдары, Маяқұм ауыл округі Көлқұдық ауылы, Қарақоңыр ауыл округі Сырдария ауылы, Талапты ауыл округі Шытты ауылдарының дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» градостроительдік жобасы бойынша жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсеріне скринингті бастауға арналған есептер.

         СЭБ материалдарын әзірлеуші: «KHG Project» ЖШС.

         СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар аудынының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

         СЭБ әзірлеуге жауапты: «Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар аудынының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

         СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.     Жұртшылықты, барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

         1) Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер мүмкін болса, қандай әсерлер және оларды не себепті елеулі деп есептейсіз?

         2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған орта мен халық денсаулығына қандай әсерлер зерделенуі тиіс және не себепті?

         3) СЭБ жөніндегі есепте құжатты іске асырудың қоршаған орта мен халық денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және не себепті?

         4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған орта мен халық денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

         Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026–2039 жылдар.

         Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

         Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 сәуірден 24 сәуірге дейін (қоса алғанда). Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 24 сәуір.

         Байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, №8.

         Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

         Тел.: 8 (7172) 74-02-83

         e-mail:b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz/            

         Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық форматта Министрліктің кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

         Сздің құжаттарыңыздың Министрліктің кеңсесіне келіп түскенін                +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

         СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

Министрліктің ресми интернет-ресурсында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі), сондай-ақ Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 

Дата публикации
18 мая 2026