Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№7                                                                                          22 сәуір 2026 жыл

 

 Отырар ауданы Көксарай ауылдық

округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14- бабының 6- тармақшасы, 21- бабының 4- тармағы, 22- бабы негізінде Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Отырар ауданының Көксарай ауылдық округі әкімін сайлау үшін Көксарай ауылдық округінің шекарасы аумағында Көксарай сайлау округі құрылсын.
  2. Көксарай сайлау округінің шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                                        Н. Жубаев

 Хатшы                                                                                        Ұ. Серікбай

 

 

 

Дата публикации
22 апреля 2026