
«Отырар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат және дін салаларында басшылықты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлім өз қызметінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтауға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, жүзеге асыру, діни қызмет, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруды мақсат етеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын, жаңа реформалар мен саясаты бойынша өңірде кең көлемді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жүктелген.