GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 сентября 2026
Ақтөбе ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті!

Ақтөбе ауылында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекенді абаттандыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауыл тұрғындары мен ауыл аумағындағы барлық мекеме қызметкерлері белсене қатысып, туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында ауыл аумағындағы қураған шөптер шабылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды. Сонымен қатар, шашылған қоқыстар жиналып, тұрмыстық қалдықтар белгіленген орындарға шығарылды. Айналаны абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Ақтөбе ауылының тұрғындары осындай игі бастамаларға белсенді қатысып, ауылдың таза, көрікті әрі жайлы болуына өз үлестерін қоса бермек.

10 сентября 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!

🌿 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе ауыл округі әкімшілігінің мамандары және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен ауыл аумағындағы дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстарының барысында сауда нысандарының және үйлердің қасбеттерінің айналасын 5 метрге дейінгі қашықтықты таза әрі абаттандырылған күйде ұстау, санитарлық тазалық талаптарын сақтау, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастамау, дүкен маңындағы аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Заңының 505-бабына сәйкес, "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" жағдайлары орын алса, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтану және дүкен иелеріне бейнебайланыс камераларын орнатуға ұсыныстар жасалды!
🌱 Таза ауыл – барша тұрғындарға ортақ жауапкершілік!
🤝 Тазалықты сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз!

Ақтөбе ауыл округі әкімшілігі

15 декабря 2025
"ӨНЕРЛІ КЕЛІН - ӨНЕГЕЛІ ӨМІР!"
 
14.12.2025 жылы Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде "16 желтоқсан - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ!" қарсаңында кәсіпкер Жанатайұлы Ермахан ағамыздың демеушілігімен "Келіндер сайысы" ұйымдастырылды.
Аталған сайыста ауылымыздың әр көшесінен өнерлі 5 келіндеріміз қатысып, өнердің 5 түрінен сынға түсті. Ерекше дайындықпен келген келіндеріміз бірінен-бірі асып-түсіп, өз өнерлерін паш етті.
Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің өнегелі ұрпағын тәрбиелеуде, отбасы құндылықтарын насихаттау. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, тапқырлық пен инабаттылық қасиеттерін ерекшелеу.
Үйде отырған келіндеріміз өз өнерлерін жан-жақты көрсете білді.
Аталған іс-шарада ауылымызға керемет көңіл-күй сыйлап, өз өнерлерін көрсете білген келіндерімізге алғысымыз шексіз! Қатысушылардың отбасына амандық, толағай табыстар тілейміз!
Алдағы уақытта мәдени шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз!
15 декабря 2025
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН!
 
"16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні!" мерекесіне орай Ақтөбе ауыл округінде кәсіпкер Жанатайұлы Ермахан ағамыздың демеушілігімен "ВОЛЕЙБОЛДАН" турнир өтті.
Жарысқа қатысқан 6 команда, 2 топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Сайыс қорытындысымен финалда АУЫЛ ЖАСТАРЫ-МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ командалары кездесіп, Ауыл жастары үздік атанды.
Қорытындылай келе, үздік ойыншыларға номинациялар беріліп, командаларға сый-сияпаттар табысталды!
Алдағы уақытта мәдени-спорттық шаралар жалғасын таба береді деген сенімдеміз!
11 декабря 2025
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП КОДЕКСІ ТҮСІНДІРІЛДІ!
 
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлы аудандағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Елеусизов Ашим Кабланович ауданда мемлекеттік қызметшілерің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, лудомания, ойынқұмарлықтан бас тарту секілді бағыттар бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстарды баяндады.
Бүгінгі таңда, Отырар ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 9 атқарушы орган, 13 ауыл округі әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2025 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары», «Мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасылары мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» және т.б мемлекеттік қызметшілердің қорғалуы туралы түсініктемелерлер беру туралы 13 жиын өткен. Жиын барысында бірнеше сауалнамалар алынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалған. Жыл басынан бері әдеп жөніндегі уәкіл 9 рет консультативті көмек, 11 жеке және заңды тұлғалар мен 9 рет шығу кездесулері өткен.
Басқосуда Ербол Керімбекұлы қатысушыларға күнделікті қызмет барысында кездесетін әдептік мәселелерді шешу жолдары, азаматтармен қарым-қатынас этикасы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, облыс кесіндісінде мемлекеттік қызметшілердің болмысын (иммиджін) көтеру мақсатында жұмыстар жүргізуді тапсырды. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік әдептілікті нығайту, жұмыс орнындағы мінез-құлық мәдениеті жайы кеңінен талқыланды.
Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫ
13 ноября 2025
Ақтөбе ауылында күзгі көшет егу науқаны өтіп жатыр!
🌿 Ақтөбе ауылында күзгі көшет егу науқаны өтіп жатыр🌳
 
Табиғатты аялау мен ауыл аумағын көркейту мақсатында Ақтөбе ауылында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын көшет егу жұмыстары биыл да жалғасын тапты. Жоспар бойынша 2000 көшет егілу керек болса, бүгінгі күні 500-ге жуық көшет егіліп болды.
Науқан барысында ауыл әкімдігі, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары бірлесіп, ағаш көшеттерін егіп ,туған өлкеге деген жанашырлықтарын көрсетті.
Бұл — ұрпаққа үлгі болатын Жасыл ауыл – жарқын болашақ!
 
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
САЯСИ-МӘДЕНИ САЛА
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫ
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ
ҚОҒАМДАСТЫҚ КЕҢЕС
24 октября 2025
Ақтөбе ауыл округінің бас жоспары!
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
24 сентября 2025
АШЫЛУ САЛТАНАТЫ!
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫ
20 сентября 2025
АУЫЛДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ!
 
Бүгін “Таза Қазақстан” шарасы аясында Ақтөбе ауыл округінде жалпыхалықтық сенбілік өтті. Шараға мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына жұдырықтай жұмылған тұрғындардың белсенділігі нәтижесінде ауылымыз жаңарып, ажарлы кейіпке енді.
Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ парызы. Алдағы уақытта жалпыаудандық сенбіліктер тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
19 сентября 2025
Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбай Ақтөбе ауыл округіне келді!
 
Ақтөбе ауыл округінің ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды оқиға орын алды.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауылымыздағы "Мұрат" шаруа қожалығының (төрағасы Мұрат Нұрғали Бекбосынұлы) бастамасымен салынатын “Мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңының” құрылысына ресми түрде қазық қағып, жобаның басталуына сәттілік тіледі.
Бұл бордақылау алаңы ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына, жоба іске асып жатса, 50 ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуына және ауыл экономикасының өсуіне оң әсерін тигізбек.
Жоба арқылы жылына 5000 ірі қара мал бордақыланатын болады. Өндірілген ет өнімдерін Республика көлемінде нарыққа шығару жоспарлануда. Бүгінгі таңда жер телімі анықталған, мемлекеттік акт алынған. Бордақылау алаңының жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Жоба бойынша “Түркістан” СПК-ға 1,0 млрд. теңге несие алуға өтінім берілген!
Ауылымыздың аграрлық әлеуетін арттыратын осындай жобалар жалғасын таба берсін!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы