Аққұм ауылында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Аққұм ауылдық округінің әкімі Н. Жанжигитова мекеме қызметкерлерімен жиын өткізіп, қысқартылатын 14 әлеуметтік төлем бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер, олардың мақсаты мен тәртібі туралы ақпарат беріліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлерді алдағы өзгерістер туралы хабардар ету және тиісті ақпаратты түсіндіру.
🌿 «Таза Қазақстан – Таза аймақ» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді
Аққұм ауылында «Таза Қазақстан – Таза аймақ» республикалық экологиялық акциясы аясында ауыл аумағын абаттандыру, тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында бірқатар тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында белгіленген аумақтар тазаланып, санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – ауылдың көркін арттыру, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті нығайту.
Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Ауылымыздың таза әрі көрікті болуы әрбір тұрғынның белсенділігі мен жанашырлығына байланысты.
Таза ауыл – жарқын болашақ кепілі!
АҚҚҰМ АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ Н.ЖАНЖИГИТОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ.
Аққұм ауыл округінің әкімі Н. Жанжигитова ауыл тұрғындарын жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерінің әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін көтеріп, көмек сұрады.
Атап айтқанда, ауыл тұрғыны Ә. Мергенбаев тұрғын үйінің техникалық паспортын (үй төлқұжатын) рәсімдеуге көмек көрсетуін сұрады. Ал М. Жаппарова атасын санаторийге жіберуге жәрдемдесуді өтінді.
Ауыл округінің әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өтініштерді қарау және заң аясында көмек көрсету мүмкіндіктері бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Құрметті Аққұм ауылының тұрғындары!
Аудан әкімі Қ. Жолдыбайдың Аққұм ауылы тұрғындарымен кезекті кездесуі өтеді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылым, жол, ауызсу, жарықтандыру, қоғамдық көлік, әлеуметтік нысандардың жағдайы және өзге де өзекті мәселелер талқыланады.
Кездесу барысында тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сұрақ қойып, ұсыныстарын білдіре алады. Сонымен қатар, бұған дейін көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы ақпарат беріліп, алдағы жоспарлар таныстырылады.
Тұрғындардан кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін алдын ала дайындап келу сұралады. Кездесу ашық форматта өтеді.
📍 Өтетін орны: Аққұм ауылы С. Сейфуллин атындағы мектеп
📅 Күні: 02.10.2026
⏰ Уақыты: 12:00
Барлық ауыл тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!
Аққұм ауылында «Нұр-Абыл» саябағы ашылды.
Аққұм ауылында ел игілігіне арналған жаңа демалыс орны – «Нұр-Абыл» саябағының ашылу салтанаты өтті.
Ауылымыздың тумасы, елге жанашыр азамат Нұржан Нұржігітұлының демеушілігімен бой көтерген саябақ ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, таза ауада демалуына және ауылдың көркеюіне өз үлесін қосатын маңызды нысандардың біріне айналмақ.
Саябақтың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары, жастар және қоғамдық белсенділер қатысты.
Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл жаңа саябақтың ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, нысанның ел игілігіне қызмет ететініне тоқталды. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-мәдени дамуына қолдау көрсетіп, туған жеріне тарту жасаған Нұржан Нұржігітұлына алғысын білдірді.
Туған жерге деген жанашырлық – елдіктің көрінісі. Осындай игі бастамалар ауылдың ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Жаңа саябақ ауыл тұрғындары үшін жайлы демалыс орны болып, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Аса ауыр қылмыстардың алдын алу
Аққұм ауыл округінде «Аса ауыр қылмыстардың алдын алу» тақырыбын негізге ала отырып, ауыл тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға учаскелік полиция инспекторы және ауылдық округ әкімшілігінің мамандары қатысты.
Кездесу барысында азаматтарға аса ауыр қылмыстардың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын қатаң орындаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ауыл тұрғындарына күдікті немесе құқыққа қайшы әрекеттер орын алған жағдайда тиісті органдарға дер кезінде хабарлау қажеттігі айтылды. Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар берілді.
Түсіндірме жұмыстарының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Бүгін Аққұм ауыл округіндегі Мәдениет сарайында сағат 10:00-де Аққұм ауыл округі әкімі Жанжигитова Нұрсұлу Беделханқызының ауыл тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны өтті.
Кездесуге ауылдық округтің полиция қызметкері Алшериев Әл-Фараби, ауыл мешітінің имамы Құттыбек Балқыбек ұстаз, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ашықбай Дүйсен қариямыз, ауылдың белсенді ақсақалдары мен тұрғындары, сондай-ақ әр мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, елді мекендегі тазалық, абаттандыру, қоғамдық тәртіп, инфрақұрылым және тұрғындарды толғандырып отырған өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін алаңдатып отырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлері мен арыз-шағымдарын жеткізді. Ауыл әкімі тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, әрбір ұсыныс назарға алынатынын атап өтті.
Сонымен қатар, айтылған мәселелердің заң аясында шешілу жолдары қарастырылып, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Әкімдік тарапынан тұрғындардың өтініштері бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, мәселелердің орындалуы бақылауда болатыны айтылды.
Жиын соңында ауыл әкімі Нұрсұлу Беделханқызы ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке, елді мекеннің тазалығы мен көркейту жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырып, тұрғындармен осындай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер – ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, елді мекеннің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.
Аққұм ауыл округі әкімшілігі.
📢 АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Құрметті Аққұм ауылының тұрғындары!
2026 жылғы 8 қыркүйек күні Аққұм ауыл округінің әкімі Н. Жанжигитованың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, қоғамдық мәселелер және тұрғындардың ұсыныс-пікірлері талқыланады.
Барша ауыл тұрғындарын кездесуге қатысып, өз ұсыныстарыңыз бен мәселелеріңізді ортаға салуға шақырамыз!
📅 Күні: 8 қыркүйек 2026 жыл
📍 Өтетін орны: Аққұм ауылы
Аққұм ауылындағы С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектепте жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілектер айтылып, білім алушыларға жарқын болашаққа бастар жолда табыс пен толағай жетістіктер тіленді.
🎓 Барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы білім мен ізденіске, жақсы жетістіктер мен жарқын жеңістерге толы болсын!
"Жеңіс-тарих, бейбіт күн-бақыт!"
Түркістан облысы Отырар ауданы
"С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-сынып жетекшісі Тұрысбекова Нұргүл апай мен мектеп тәлімгері Айнабек Жанат апайдың ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Жеңіс – тарих, бейбіт күн – бақыт!» тақырыбында мектепшілік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар батыр бабалар ерлігін дәріптеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін жыр-шумақтарымен жеткізді. Ән шырқалып, көріністер қойылып, соғыс жылдарының ауыр кезеңдері сахнада шынайы бейнеленді.
Жеңіс жолында жанын қиған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны, бейбіт өмірдің қадірін білу – әрбір ұрпақтың міндеті екені кеңінен насихатталды.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара – тарихқа тағзым, ерлікке құрмет, елге деген махаббаттың жарқын көрінісі болды.
Бейбіт күннің бағасын білген ел – бақытты ел,
Ерлікпен келген жеңісті ұмытпайтын ұрпақ – мәңгілік ел!