Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғанын жариялау
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 V Заңының 8-бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 20 сәуір 4 маусым аралығында «Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу барысында жұмыс тобының құрамында қатыса алады.
Талдауға қатысу бойынша сұрақтармен 87058481628 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.