Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы

Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы  кәмелет жасына толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен 2020 жылдың 9 айында атқарылған  жұмыстары туралы

Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы аудан әкімдігінің 15.09.2020 жылғы №392 қаулысымен  комиссия құрамы қайта бекітіліп комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, комиссия хатшысы аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің бас-маманы И.Исхаков болып бекітілген.

2020 жылға арналып жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

       Ауданда  жалпы орта білім беру  мекемелерінің саны 65

       0-18 жас аралығындағы бала саны 51980.

       Мектептегі оқушы саны 34775.  

       Ордабасы  ауданы әкімдігі жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясымен, комиссия отырыстарына аудандық білім бөлімі мен аудандық ішкі істер тарапынан түскен ұсыныстарға сәйкес кәмелет жасына толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың, оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын-алу мақсатында 2020 жылдың  9 айдың  қорытындысы бойынша 8 комиссия отырысы өткізіліп, комиссия отырыстарының тиісті хаттамалары негізінде:

  1. Сынақ мерзімі берілгендер-1;

        2.Ата-аналық құқығынан айыруға ұсыныс беру-1;

  1. Балалар үйіне жіберілгендер-1;  

      Ордабасы ауданы бойынша: Аудандық полиция бөлімінде Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жүргізу бойынша есепте тұрған балалар саны 7.  Мектепішілік есепте тұратын оқушылар саны 7.  Жайсыз отбасылар саны 10. Жайсыз отбасылардағы бала саны 22. Жасөспірімдер арасындағы суйцид факторы бойынша тіркелгені жалпы 1, оның ішінде  аяқталғаны 1.

Ерте жүктілік фактілері бойынша тіркелімдер 22,  дегенмен барлығы дерлік колледж студенттері және тұрмысқа шығып заңды некедегі отбасында жүргендер. Мектеп оқушылары арасында тіркелмеген.       

         Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында 65 мектепке 4 инспектор  бекітілген,   65 мектепке толық бейне бақылау камералары орнатылған.  

        Комиссия  жанынан  құрылған жұмысшы тобы мен аудандық ішкі істер бөлімі, жастар  ресурстық  орталығы  тарапынан 62 рет түнгі мезгілдегі рейдттер жүргізіліп аудандағы түнгі мезгілдегі жұмыс жасап жатқан ойынханалар, кафелер және жастар көп шоғырланатын орындар тексеріліп тиісті мекеме иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түнгі мезгілдегі ұсталған балалардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, екінші мәрте қайталанып ұсталған балалардың ата-аналарына аудандық полиция бөлімі тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.    

Түнгі мезгілдегі жұмыс жасап жатқан дүкен иелеріне кәмелетке толмаған жасөспірімдерге спирттік және темекі бұйымдарын сатпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұрған балаларды аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексеру уақытша ұстау изоляторларына серуендету және таныстыру  профилактикалық жұмыстары жүргізілді.  

Сонымен қатар, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы  жанынан «Аутодиструктивті» мінез құлықты балаларды және тұрмысы қолайсыз, зорлық зомбылық көрген  отбасыларды анықтау мақсатында аудан көлемінде  жұмысшы топтары  құрылып жұмыстар жүргізілді. Слайд-9

Аудан әкімдігі жанындағы  кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы  жанынан аудан әкімінің 04.09.2020 жылғы №123-н өкіміне сәйкес жұмысшы тобы құрылып, жұмысшы тобының атқаратын «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жанынан жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және кәмелетке толмағандармен жасалған деректері бойынша қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке ата-ананың тартылуы жөнінде және тәрбиелік мәні бар түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобының  бірлескен іс-шара жоспары бекітіліп, аудан көлеміндегі 65 мектепті 17 бекітілген орынға топтастыру арқылы ата-аналармен және оқушы жастармен, 17 профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

  

 

 

Дата публикации
23 сентября 2020