2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Хабарландыру

Ордабасы ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің   2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына  сәйкес, 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты, жария талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жеке азаматтардың назарына ұсынады.

Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулер немесе ұсыныстар,  2025 жылғы 24 маусымға дейін бөлімнің байланыс телефондары: 872530-7-40-43, 8-7716578682 және электрондық пошта: ordabasy_sayasat@mail.ru   арқылы қабылданатынын хабарлайды.

 

2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы

АҚПАРАТ

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Жоспарланған қаржы көлемі

(мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.       

Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру

 

1 млн 250 мың

2020 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 қаулысы

Үкіметтік емес ұйымдар, олардың көшбасшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қатысатын белсенді азаматтар.

Азаматтық қоғам институттарының ықпалы күшейеді, қоғамдық белсенділік пен азаматтарға қолдау күшейеді, тұрақты даму үшін әлеуетті кадрлар даярланады.

2.       

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы қызметті ұйымдастыру

 

700 мың

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» №802 Жарлығы, ҚР Үкіметтінің   2021 жылғы 31 мамырдағы №358 Ережесі

Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүнитаным және  адалдық, ашықтық қағидаттары артады, адал бәсекелестік дамиды, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас қалыптасады.

 

Дата публикации
09 июня 2025