Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 4 маусым 2025 жылғы Төрткүл ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау туралы қаулысы

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№6                                                                                           4 маусым 2025 жыл.

 

 

Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық

округі әкімі сайлауын тағайындау туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Төрткүл ауылдық округіәкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округіәкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 - шілдеге тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 13 - шілдеге тағайындалған Төрткүл ауылдық округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында және Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

 

 

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                             М.Үкібас

 

          

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасының

орынбасары                                                                                  Д.Бимуханов

 

 

 

 

Постановление№ 5 от 4 июнь 2025 года Ордабасынской районной территориальной избирательной комиссии о назначении выборов акима Торткульского сельского округа
Дата публикации
04 июня 2025