Бөген ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 4 мамырда Ордабасы ауданы Бөген ауыл округі әкімінің сайлауы өтті.
Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Ордабасы ауданы Бөген ауыл округі әкімін сайлау нәтижесі туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бөген ауыл округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1701 азамат енгізілді, олардың 1224 дауыс берді.
Әр кандидат үшінберілгендауыстар саны:
С.У.Ділмаханов– 64;Е.А.Лекеров – 68; Д.Б.Сәдуахас– 1092; «Барлығына қарсы» –0.
1981 жылы туылған, Бөген ауылында «Забира» ӨК заңгері болып жұмыс атқарған, Ордабасы ауданы Бөген ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Сәдуахас Дайырбек Базарбайұлы Бөген ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы