Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№4                                                                              26 наурыз 2025 жыл.

 

 

 

Ордабасы ауданы Бөген ауылдық

округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының               4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданының Бөген ауылдық округі әкімін сайлау үшін - Бөген ауылдық округі әкімдігінің шекарасында «Бөген» сайлау округі №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында және Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде «Бөген» сайлау округі шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, тізімі жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Д.Бимухановқа жүктелсін.

 

 

 

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                      М.Үкібас

 

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                     Н.Амангелдиев

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 марта 2025