Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№2                                                                              16 қаңтар 2025 жыл.

 

 

 

Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық

округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының               4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округі әкімін сайлау үшін - Бөржар ауылдық округі әкімдігінің шекарасында «Бөржар» сайлау округі №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында және Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде «Бөржар» сайлау округі шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, тізімі жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аумақтық сайлау комиссиясының орынбасары Д.Бимухановқа жүктелсін.

 

 

 

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                      М.Үкібас

 

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                     Н.Амангелдиев

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 января 2025