Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 15 қаңтар 2025 жылғы "Бөржар ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау туралы" №1 ҚАУЛЫСЫ .

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№1                                                        15 қаңтар 2025 жыл.

 

 

Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық

округі әкімі сайлауын тағайындау туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бөржар ауылдық округіәкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округіәкімінің сайлауы 2025 жылғы 23-ақпанға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 23-ақпанға тағайындалған Бөржар ауылдық округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында және Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аумақтық сайлау комиссиясының орынбасары Д.Бимухановқа жүктелсін.

 

 

 

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                             М.Үкібас

 

          

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                         Н.Амангелдиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постановление О назначении выборов акима Буржарского сельского округа
Дата публикации
15 января 2025