Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№1 23 қазан 2024 жыл.
Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық
округі әкімі сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қараспан ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 1-желтоқсанға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 1-желтоқсанға тағайындалған Қараспан ауылдық округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында және Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аумақтық сайлау комиссиясының орынбасары Д.Бимухановқа жүктелсін.
Ордабасы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Үкібас
Ордабасы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Амангелдиев