Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы

ОРДАБАСЫ   АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Темірлан елді мекені.                                №210                            «23» мамыр 2024 жыл

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы                                      

 

 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  2024 жылғы 20 мамырдағы № 40-09-07/489 санды хатына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 692 қаулысы негізінде кадастрлық нөмері 19-293-066-655 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісімен Қажымұқан ауыл округінен «Отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бөлінген жалпы көлемі 36,3 гектар жерінің ішінен 1,9 гектар жер учаскесі абаттандыру және саябақ құрылысының жұмыстарын жүргізу мақсатында, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдеріне бастама жасалсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталу күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте емес мерзімінен бастап жүзеге асырылсын.
  3. «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер   қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) қолданыстағы заңнама  талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесі бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын;

2) жер пайдаланушы заңды тұлғаға жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын;

          3) жер өзгерістері есебін жүргізсін, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.

        4) осы қабылданған қаулыға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер пайдаланушы заңды тұлғамен келісім шартын тоқтату жұмыстарын жүргізсін.  

        5) анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төленуін немесе оның қалауы бойынша ҚР Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес басқа жер учаскесі берілуін қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын  қадағалау  аудан  әкімінің  орынбасары                            Қ.Сейітқұлға  жүктелсін.

 

  Аудан   әкімі                                                                           А.Оралбаев

 

 

 

Дата публикации
25 мая 2024