Ордабасы ауданы әкімдігінің 30.03.2023 жылғы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» № 110 қаулысының 1-қосымшасындағы кейбір қатарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» №110 қаулысының 1-қосымшасының 15 қатарында көрсетілген ««Green town south» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөз «Усубалиев Арипкожа Рысбекович» деген сөздермен ауыстырылып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, осы мәтінге қатысты бөлігінің мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте емес мерзімінен, 2023 жылдың 22 тамыз айынан бастап жүзеге асырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсін.

 

 

 

Аудан әкімі Н.Бадырақов

Дата публикации
22 мая 2023