Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына сәйкес, ҚР АШМ АӨК МИК Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы төмендегі Мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
І. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру». Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, http://www.xn--elcense-sog.kz/ веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті портал арқылы берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса беріле өтініш берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде
ІІ. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Карантинге жатқызылған өнiмнің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру». Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті ңнәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді
ІІІ. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Ғылыми - зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу». Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, http://www.xn--elcense-sog.kz/ веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен әзірленген.
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялар мемлекеттік қызметтерді тегін көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді немесе толық Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттар туралы ақпарат алу үшін Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан 156 үйге немесе 8 (72533) 2-17-57 телефонына хабарласып білуіңізге болады.
ҚР АШМ АӨК МИК Ордабасы аудандық
аумақтық инспекциясының бас маман
өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы Н.Асқарбаев