Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ Қ А У Л Ы С Ы

ОРДАБАСЫ   АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Темірлан елді мекені.                   №61                          «16.02.2023 жыл

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығару туралы                                      

 

 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының        31-бабына, Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-баптың      2-тармағының 4-2 тармақшасына,  «Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы  09 ақпандағы   №230-28/02-07/453  санды ұсыныс хатына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданы, Шұбарсу  ауыл округіне қарасты Шұбарсу елді мекенінде орналасқан кадастрлық нөмері 19-293-178-4425 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісімен азамат Есиркепов Максат Номановичке тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін бөлінген жалпы көлемі 10,2 гектар жайылымдық  жер учаскесі тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мәжбүрлеп иеліктен шығарылып, мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте емес мерзімінен, 2023 жылдың 16 мамыр айынан бастап жүзеге асырылсын.
  3. «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер   қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) қолданыстағы заңнама  талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесі бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын;

2) жер пайдаланушы жеке тұлғаға жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын;

         3) жер өзгерістері есебін жүргізсін, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.

         4) осы қабылданған қаулыға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер пайдаланушы жеке тұлғамен келісім шартын тоқтату жұмыстарын жүргізсін.   

 

 

  1. «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер   қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі, анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төленуін Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының  орындалуын  қадағалау  аудан  әкімінің  орынбасары                            А.Оралбаевқа  жүктелсін.           

 

 

 

Аудан   әкімі                                                                     Н.Бадырақов

Дата публикации
21 февраля 2023