Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ Қ А У Л Ы С Ы

ОРДАБАСЫ   АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Темірлан елді мекені.         №8         «19» қаңтар 2023 жыл

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығару туралы                                      

 

 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-баптың              2-тармағының 4-2 тармақшасына,  «Бадам ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы №230-30/04-33/63 санды хатына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданы, Бадам  ауыл округіне қарасты Ақбұлақ елді мекенінде орналасқан жалпы көлемі 5,95 гектар құрайтын елді мекен ішіндегі  жер учаскелері тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер пайдаланушы жеке тұлғалардың жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылып, мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте емес мерзімінен, 2023 жылдың 19 сәуір айынан бастап жүзеге асырылсын.
  3. «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер   қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) қолданыстағы заңнама  талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесі бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын;

2) жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын;

            3) жер өзгерістері есебін жүргізсін, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.

            4) осы қабылданған қаулыға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер пайдаланушы жеке тұлғалармен келісім шартын тоқтату жұмыстарын жүргізсін.    

  1. Осы қаулының  орындалуын  қадағалау  аудан  әкімінің  орынбасары                            А.Оралбаевқа  жүктелсін.           

 

 

Аудан   әкімі                                                                    Н.Бадырақов

 

 

 

 

       

Ордабасы ауданы әкімдігінің

       

"19" қаңтар 2023 жылғы

       

№8 қаулысына қосымша

     

 

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерінің тізімі

 

 

Р/с

Кадастрлық номері

Барлық жер көлемі, га

Қайтарылатын жер көлемі, га

Жер пайдаланушы

 

 

1

19-293-029-1515

4,42

0,72

Қыдырбай Жандәулет Аяпбергенұлы

 

 

2

19-293-029-1516

1,2

0,33

Балабек Көбей Момбекұлы

 

 

3

19-293-029-1612

1,3

0,39

Сарыбай Берік Майлыбайұлы

 

 

4

19-293-029-227

4,27

1,43

"Асыл-Төре" ӨК

 

 

5

19-293-032-788

3,08

3,08

"Тілен табылды" ӨК

 

 

 

Барлығы:

14,27

5,95

 

 

                     

 

 

Дата публикации
21 января 2023