Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ Қ А У Л Ы С Ы

ОРДАБАСЫ   АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Темірлан ауылы     .            №2                     10.01.2023 жыл

Мемлекет мұқтажы үшін жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығару туралы                                  

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-баптың 2-тармағының 4 тармақшасына,  «Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 06 қаңтардағы № 7038 санды хатына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданы, Шұбарсу  ауыл округіне қарасты Шұбарсу елді мекенінде орналасқан жалпы көлемі 0,9618 гектар құрайтын елді мекен ішіндегі  жер учаскелері мектеп орнының құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер пайдаланушы жеке тұлғалардың жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылып, мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте емес мерзімінен, 2023 жылдың 10 сәуір айынан бастап жүзеге асырылсын.
  3. «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер   қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) қолданыстағы заңнама  талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесі бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын;

2) жер пайдаланушы заңды тұлғаға жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын;

            3) жер өзгерістері есебін жүргізсін, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.

            4) осы қабылданған қаулыға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер пайдаланушы жеке тұлғалармен келісім шартын тоқтату жұмыстарын жүргізсін.    

  1. «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер   қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі, анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төленуін Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын  қадағалау  аудан  әкімінің  орынбасары Оралбаевқа  жүктелсін.

 

 

Аудан   әкімі                                                         Н.Бадырақов

 

 

 

 

 

 

       

Ордабасы ауданы әкімдігінің

       

10.01.2023 жылғы

       

№2 қаулысына қосымша

         

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерінің тізімі

№

Ауыл округі

Жер учаскесінің кадастрлық номері

Иеліктен шығарылатын жер учаскесінің алаңы, га

Жер пайдаланушының атауы

1

Шұбарсу

-

0,12

Кенжетаева Айгуль

2

Шұбарсу

19-293-176-4253

0,1209

Байзаков Бахтияр Алтынбекулы

3

Шұбарсу

19-293-176-4226

0,1209

Есбалаев Балтабай Бактыбаевич

4

Шұбарсу

19-293-176-1649

0,12

Мырзалиев Ербол Боранбаевич

5

Шұбарсу

19-293-176-1647

0,12

Болысбекова Ботакоз Исатаевна

6

Шұбарсу

19-293-176-1648

0,12

Болысбекова Ботакоз Исатаевна

7

Шұбарсу

19-293-176-1085

0,12

Хожатаев Шаравидин

8

Шұбарсу

19-293-176-4023

0,12

Хожатаев Шаравидин

 

Барлығы:

 

0,9618

 

 

Дата публикации
12 января 2023