Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

 

Темірлан ауылы                               №430                                08.12.2022 жыл

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығару туралы                                      

 

 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-баптың                     2-тармағының 4 тармақшасына,  «Ордабасы аудандық тұрғын үй -коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 07 қарашадағы № 13/12-06/529 санды хатына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 692 қаулысы негізінде «Отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қажымұқан ауыл округінен кадастрлық нөмері 19-293-066-655 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісімен қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бөлінген жалпы көлемі 36,3 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінің ішінен 7,72 гектар және кадастрлық нөмері  19-293-066-651 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісімен шағын және орта бизнес орталығы үшін бөлінген 4,0 гектар,  жалпы көлемі 11,72 гектар жер учаскелері саябақ құрылысы және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, мәжбүрлеп иеліктен шығарылып, мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен үш айдан ерте емес мерзімінен, 2023 жылдың 08 наурыз айынан бастап жүзеге асырылсын.
  3. «Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер   қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) қолданыстағы заңнама  талаптарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесі бойынша, осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс шараларды жүзеге асырсын;

2) жер пайдаланушы заңды тұлғаға жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатыны туралы заң талабына сәйкес хабардар ете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын;

         3) жер өзгерістері есебін жүргізсін, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.

         4) осы қабылданған қаулыға сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер пайдаланушы заңды тұлғамен келісім шартын тоқтату жұмыстарын жүргізсін.

  1. «Ордабасы аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төленуін Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын  қадағалау  аудан  әкімінің  орынбасары                            А.Оралбаевқа  жүктелсін.      

    

 

Аудан   әкімі                                                                    Н.Бадырақов

 

 

 

Дата публикации
10 декабря 2022