Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру

және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының       28 бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес берілсін.
  2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3.Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 93 «Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3066 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызындағы «Ордабасы оттары» газетіне жарияланған)жәнеОрдабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 94 «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3072   нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызындағы «Ордабасы оттары» газетіне жарияланған)қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.

  1. «Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Акмуратовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                         Қ.Жолдыбай

 

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі 

 

Қ/с

Белгіленген орындар

Түрі

1

Бадам ауылы, Б.Момышұлы көшесіндегі Б.Омарованың дүкені

Тақта

2

Дербес ауылы, Асқарбеков Жасұланның «Нұрай» дүкені

Тақта

3

Мамыр ауылы, Тулебаев Мұраттың дүкені

Тақта

4

Ақбұлақ ауылы, ауылдық клуб

Тақта

5

Ордабасы ауылы, фелшерлік акушерлік пункті

Тақта

6

Бөген ауылы, «Эльзира» кафесі

Тақта

7

Қайнар ауылы, мектеп алдындағы аялдама

Тақта

8

Ұялыжар ауылы, «Еркетай ана» дүкені

Тақта

9

Теспе ауылы, мектеп алдындағы аялдама

Тақта

10

Ықыластемір ауылы, «Бекзат» дүкені

Тақта

11

Бірлік ауылы, орталық көше бойындағы кітапхана

Тақта

12

Қалаш ауылы, Теміржол станциясы

Тақта

13

Жеңіс ауылы, мәдениет үйі

Тақта

14

Қарақұм ауылы, Жақыпова Тұрғанайдың дүкені

Тақта

15

Көктөбе ауылы, Мырзахметқызы Жәмиланың дүкені

Тақта

16

Қажымұқан ауылы, Тасболат Тоғжанкүлдің дүкені

Тақта

17

Ынталы ауылы, Қ.Бектаев мектебінің спорт залы

Тақта

18

Аманкелді ауылы,  Еспенбетов Нұрланның дүкені

Тақта

19

Темірлан ауылы,  Аманкелді атындағы орта мектебі, «Игілік» дүкені, «Сатыбалды ата» базары, «Ордабасы» сауда орталығы, «Кіші маркет».

Тақта

20

Ақпан ауылы, фельдшерлік акушерлік пунк

Тақта

21

Ақжол ауылы, ауылдық клуб

Тақта

22

Жамбыл ауылы, Оразалыұлы Ырсалының дүкені

Тақта

23

Қараспан ауылы, Мырзаханова Жадыраның дүкені

Тақта

24

Төреарық ауылы, Тұрсынбаев Сейділләнің дүкені

Тақта

25

Көлтоған ауылы, фельдшерлік-акушерлік пункт

Тақта

26

Берген ауылы,  ауылдық кітапхана

Тақта

27

Батыр ата ауылы, Ділдәбек Айзаданың дүкені

Тақта

28

Төрткөл ауылы, мәдениет үйі

Тақта

29

Спатаев ауылы, Б.Тұрсынбековтың дүкені

Тақта

30

Қызылжар ауылы, С.Әбілхасовтың дүкені

Тақта

31

Елшібек батыр ауылы, ауылдық кітіпхана

Тақта

32

Көкарал ауылы, М.Батырбековтың дүкені

Тақта

33

Шұбар ауылы, Райымбек батыр және Қазақстан көшелерінің қиылысындағы базар

Тақта

34

Аққойлы ауылы, фельдшерлік-акушерлік пункт

Тақта

35

Жусансай ауылы, Т.Исабек көшесі №1 дүкен

Тақта

36

Сарытоғай ауылы, жоғарғы аялдама

Тақта

37

Береке ауылы, Жандарбеков көшесі «Құндызай» дүкені

Тақта

38

Тоқсансай ауылы, Қажымұқан көшесі Н.Махановтың дүкені

Тақта

39

Шұбарсу ауылы, ауылға кіре берістегі (автожанармай құю станциясына қарсы бетте) панно

Тақта

 

 

 

 

Дата публикации
03 ноября 2022