УСК және АСК мүшелерінің «Конституциялық құқық таңдау және сайлану» тақырыбында оқу орындарының оқушыларымен Бәйтерек ЖОМ-де 02.02.2022 жылы сағат 12-50 кездесу өтті

2022 жылға арналған Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқытудың күнтізбелік жоспардың 2 –пунктіндегі УСК және АСК мүшелерінің «Конституциялық құқық таңдау және сайлану» тақырыбында оқу орындарының оқушыларымен кездесулер өткізу іс-жоспарын орындау мақсатында Ордабасы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы К.Сатқанбай, Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Бәйтерек орта метебінің жоғары сынып оқушыларына УСК және АСК мүшелерінің «Конститутциялық құқық таңдау және сайлану» тақырыбында оқушылармен  кездесу өткізіп, сайлау туралы конституциялық заңды тақырып бойынша түсіндірді. Сайлау кезінде орын алатын кемшіліктер туралы айтып өтті. Бәйтерек мектебінің 11-сынып оқушысы Дүйсен Алуа Ержанқызы, сайлау әділ өтпейтіндігін және бармасақта сайлау өтеді деген үлкендердің сөзін естігенін айтты. Сайлау комиссиясының төрағасы сұраққа сайлау туралы  Конститутциялық заңдағы құқық бұзушылықтар туралы түсіндіріп сұрақ беруші жауапқа қанағаттанды.

Дата публикации
02 февраля 2022