Төрткүл ауыл округі әкімін сайлаудың қортындысы
Төрткүл ауыл округі әкімі сайлауына 7454 сайлаушының 6204 сайлаушы қатысып өз таңдауын жасады.Төрткүл ауыл округі әкімдігіне тіркелген кандидат «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Сапаров Нурлан Несипбаевичке 5668 дауыс, «Ауыл» халықтық-демакратиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Тазабек Еркін Қайратұлына 496 дауыс, бәріне қарсы 31 дауыс берілді. Басым дауыспен «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Сапаров Нурлан Несипбаевич Төрткүл ауыл округі әкімі болып сайланды.
Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 шілдедегі Төрткүл ауыл округі әкімін сайлау жөніндегі қорытындыларды белгілеу туралы Ордабасы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасына сәйкес, Сапаров Нурлан Несипбаевич 1975 жылы туған Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі әкімі болып тіркелді.