Қарақұм ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қарақұм ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 13 қыркүйегінде Ордабасы ауданындағы Қарақұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Ордабасы ауданы, Қарақұм ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қарақұм ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1459 азамат енгізілді, олардың 912-сы дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дилмаханов Сәбит Уалиханұл– 105; Мынжасаров Ербол Калдаулетович– 739; Рахышбаев Бағдат Қанатұлы– 65; «Барлығына қарсы» – 1.

1978 жылы туылған, «Қарақұм ауыл округі әкім аппараты» ММ-сі, бас маманы, Ордабасы ауданы Қарақұм ауылының тұрғыны, Өзін-өзі ұсынылған Мынжасаров Ербол Калдаулетович Қарақұм ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 сентября 2026