Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№10                                                                              5 тамыз 2026 жыл.

 

 

Ордабасы ауданы Қарақұм ауылдық

округі әкімін сайлау жөніндегі

сайлау округін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының               4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданының Қарақұм ауылдық округі әкімін сайлау үшін –

Қарақұм сайлау округі - Қарақұм ауылдық округінің шекарасында құрылсын.

  1. Қарақұм сайлау округі мен оның шекарасы және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат (1-қосымша) Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

        

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                      М.Үкібас

 

 

Ордабасы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                 А.Оразәлі

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2026