**Баспасөз хабарламасы**
**Құқықтық көмек бір басқышта: eGov mobile және GOV.KZ платформаларында азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша жаңа ұсыныстар енгізілді**
«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп, «eGov mobile» мобильді қосымшасында және Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының Біріңғай платформасы GOV.KZ сайтында жаңа функционалдықты енгізді.
Азаматтар енді алаяқтық, есірткі тұтыну, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдықты ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары және басқа да мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңес ала алады. Осы мақсатта арнайы маршрутизатор жасалып, ол азаматтарға құқықтық тәуекелдер мен қауіптер туралы қарапайым және түсінікті ұсыныстар, құқықтық өздігінен қорғану құралдары мен пайдалы ресурстарға сілтемелер ұсынады.
Жаңартылған қызметтің негізгі ерекшеліктері:
* Құқықтық тәуекелдер мен қауіптер туралы кеңестер мен ұсыныстар беру.
* Құқықтық өздігінен қорғану құралдары.
* 102 қызметіне сілтемелер.
* Қылмыстық қудалау органдарына онлайн арыз беру мүмкіндігі «Qamqor.gov.kz» сервисі арқылы.
Осы қызмет Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының Біріңғай платформасы GOV.KZ сайтында да қолжетімді, бұл азаматтарға қажетті көмек пен ұсыныстарды кез келген уақытта алу мүмкіндігін береді.
**#Заң\_және\_Тәртіп**
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті