Құрметті желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Ә.Бектұрғановпен бекітілген «2026 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жоспарына» сәйкес, Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!

         Ішкі талдау жұмыстары 2026 жылғы 20 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.

         Егер де, Сізге қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

         Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

         Байланыс: 8-(72533)-5-75-49, 8-(72533)-5-90-38.

         Эл.почта: ⁠b.ibadulla@ontustik.gov.kz

 

Дата публикации
20 апреля 2026