Түркістан облысы, Түркістан қаласында өткен “TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM-2025” халықаралық форумы аясында Қытай Халық Республикасының инвесторларымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Түркістан облысы, Түркістан қаласында өткен “TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM-2025” халықаралық форумы аясында Қытай Халық Республикасының инвесторларымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Форум жұмысына Мақтаарал ауданынан түрлі бағыттағы кәсіпкерлер қатысып, өз жобаларын таныстырып, бірқатар келіссөздер жүргізді.

Аудан аумағындағы “Арнайы экономикалық аймақтан” бөлінген 22 гектар жер теліміне Қытайдың “Hanya International Holding” компаниясы тарапынан халықаралық логистика және тасымалдау, трансшекаралық индустриялық паркті пайдалану, делдалдық импорт/экспорт, зияткерлік дистрибуция, жабдықтар және энергия жинақтағыштарын сату бағыттары бойынша 123 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жоба толық 16 ай ішінде іске қосылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, “Zhucheng Delisi” компаниясының директоры Yang Xiong мырза мен аудандық “Мырзакент” ЖШС директоры Дүкенбаев Салман арасында ет өнімдерін тең өңдеу және бірлесіп жұмыс атқару бойынша келісім жасалды.

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов пен тамшылатып суғару технологиясын өндіруші “Henan Morst Agricultural Equipment Co., Ltd.” компаниясының өкілі Zhang Chao Li мырза арасында да ауыл шаруашылығы саласында аудан шаруаларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы бітімгершілікке қол жеткізілді.

Мақтаарал ауданы әкімдігі алдағы уақытта ауданның экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында шетелдік инвесторлармен тығыз қарым-қатынасты жалғастырады.