Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде өткізілген іс-шаралар туралы қорытынды АҚПАРАТ
2026 жылдың 26 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай бекітілген ортақ іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан аумағында «Электоралдық принциптер – сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбына арналған іс-шаралар 125 рет ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараларда жалпы саны 3044 тыңдаушылар қамтылды.
Іс-шаралар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен, білім беру ұйымдары (мектептер, Мақтаарал аграрлық және №14 колледждері), партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен бірлескен кездесулер, дәрістер мен пікір алмасулар түрінде ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Алқалық, ашықтық, жариялылық» атты ашық есік күні ұйымдастырылып, сайлау жүйесінің ардагерлерімен кездесулер өткізілді.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп, «Азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселелері, сайлау туралы түсінік беру және сайлаушылардың дауыс беру белсенділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырып өткізді.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандағы колледждердің студенттерімен және орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын насихаттауға арналған кездесулер, сынып сағаттары, қонақ дәрістері өткізілді.
Білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары арасында «Мен әкім болсам..», «Мен депутат болсам..» тақырыптары бойынша эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай әлеуметтік желілерде және БАҚ-да мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданының №14 және Мақтаарал аграрлық колледждерінде студенттердің сайлау үдерісіне қатысты білімін арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Сайлауда дауыс беру: электрондық жүйемен тиімді ме, әлде дәстүрлі әдіс қолайлы ма?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Аталған жұмыстар халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарын, әсіресе жастарды қамтып, сайлау мәдениетін арттыруға бағытталды.
Барлық іс-шаралар заң үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтілік, кәсібилік және алқалылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылды.