Мақтаарал ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 қарашадағы «Мақтаарал ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»№8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының       23 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы23 қаңтардағы Заңының 33 бабының                                                 2-тармағына сәйкес Мақтаарал ауданының әкіміШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Мақтаарал ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №8 «Мақтаарал ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4784 болып тіркелген, 2019 жылы 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің «Мақтаарал ауданы бойынша сайлау учаскелерінің тізбесі» деген қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Түркістан облысы «Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Саттаровқа жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
10 ноября 2020