Достық және Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Достық және Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілдеде Мақтаарал ауданының Достық және Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Мақтаарал ауданының Достық және Жамбыл ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 7755 азамат енгізілді, олардың 4784-і дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  • Асауов Д.Ж. – 2609;
  • Бақытұлы О. – 961;
  • Сұлтанбаев Т.Е. – 1051;
  • «Барлығына қарсы» – 114.

1968 жылы туылған, Достық ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Қалшораев ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Асауов Данияр Жолдасұлы Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 5625 азамат енгізілді, олардың 3496-сы дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  • Омаров Ш.М. – 650;
  • Сыдықов Б.Б. – 2071;
  • Шамсидинов Г.Х. – 656;
  • «Барлығына қарсы» – 83.

1971 жылы туылған, Түркістан облыстық аумақтық фитосанитариялық бақылау инспекциясының бас маманы, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Абай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Сыдықов Бақытжан Байшықұлы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025