«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 30 маусымдағы отырысында Еңбекші ауылдық округінің әкімі ретінде:
1974 жылы туылған, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Т.Жайлыбаев ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ, Агенов Берік Ерсейітұлын тіркеді.