2025 жылғы 29 маусымда Мақтаарал ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Мақтаарал ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3128 азамат енгізілді, олардың 1953 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Агенов Б.Е. – 1361; Ибрагимов Ү.З. – 284; Қуанов Н.Т. – 241; «Барлығына қарсы» – 47.
1974 жылы туылған, Еңбекші ауылдық округінің әкімі, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Т.Жайлыбаев ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Агенов Берік Ерсейітұлы Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы