Мақтаарал ауданының Достық, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 4  ҚАУЛЫСЫ

 

Мырзакент кенті                                                                                                               2025 жылғы 4 маусым

 

Мақтаарал ауданының Достық,

Жамбыл ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау

туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

        1.Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 13 шілдеге Достық, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.

        2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталсын.

        3.2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Достық, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

        4.Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                      Д.Ерімбетов

 

 

       Хатшы                                                     Г.Қалдарбекова

 

Дата публикации
04 июня 2025