Мақтаарал ауданының Достық, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 3  ҚАУЛЫСЫ

 

     Мырзакент кенті                                                                                                              2025 жылғы 4 маусым

 

Мақтаарал ауданының Достық, 

Жамбыл ауылдық округтері

әкімдерін сайлау жөнінде сайлау

округін құру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1.Мақтаарал ауданының Достық, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде:

  • Достық сайлау округі Достық ауылдық округі шекарасында;
  • Жамбыл сайлау округі Жамбыл ауылдық округі шекарасында құрылсын

  2.Достық, Жамбыл сайлау округтері, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.

 

         

Төраға                                                      Д.Ерімбетов

 

 

        Хатшы                                                     Г.Қалдарбекова

 

 

 

Дата публикации
04 июня 2025