21 мамыр 2025 жыл №2
Мақтаарал ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025
жылғы 29 маусымға Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 22 мамырынан басталсын.
3.2025 жылғы 29 маусымға тағайындалған Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4.Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Мақтаарал» газетінде жариялансын.
Төраға Д.Ерімбетов
Хатшы Г.Қалдарбекова